Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну
Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы бекіткен 2010 жылғы 27 наурыздағы № 004-345,04-31 іс-шаралар жоспарын орындау негізінде, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен болған мәжілісте берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша, мемлекеттік органдарға мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау (бұдан әрі-МСҚБ) жүзеге асыртын қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі-ХҚКО) ауыстыруды тапсырды.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 11-тармағына сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты қажет.
Рұқсат алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығымен бекітілген.
Қызмет көрсету кезінде уақытты шектеу мерзімі «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысының 2-бөлімі 8-тармағында реттелген.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қызметті лицензиялау «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 33-бабымен және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 555 қаулысымен реттеледі.
Лицензия алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Заңның 42-бабы 2-тармағында белгіленген, ал лицензияны және (немесе) лицензия қосымшасын беру туралы өтініштерді қарастыру мерзімдері Заңның 43-бабы 2-тармағында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына жергілікті атқарушы органдарының жергілікті мақсаттағы объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылыстың басталуына) рұқсат беру және құрылыс-монтаж жұмыстарының жобалау-іздестіру қызметіне лицензия беру, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіру (шығару), сараптау жұмыстары мен инжинирингтік қызметтерді жүргізу бөлігіне толықтырулар енгізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентігі «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеп, бизнес-үдерісін толығырақ сипаттаумен мүдделі мемлекеттік органдарға жіберді.
Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылауға қызметтер альтернативті негізде жүргізілуде, СҚББ мен ХҚКО мамандары арасында құжаттарды қабылдау бойынша кеңестер жүргізілуде. |